Кепілге берілген 20 мың долларды қайтармаймын деп қаза тапты

Фотография - Кепілге берілген 20 мың долларды қайтармаймын деп қаза тапты

Елордада 42 жастағы әйелді өлтірген күдікті қолға түсті

178 0

Елордада 42 жастағы әйелді өлтірген күдікті қолға түсті.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Өткен аптада Астана қаласы «Сарыарқа» ауданына қарасты елді мекеннен бірнеше пышақ жарақатының салдарынан қаза болған 42 жастағы әйел адамның мәйіті табылған-ды. Астаналық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, аталған қылмысты жасаған күдікті анықталып, қолға түсті», - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде жүргізуші болып істейтін 34 жастағы күдікті өз кінәсін мойындап, бірнеше апта бұрын газеттегі жарнамада жәбірленуші өз пәтерін сататындығы туралы хабарламаны оқығандығын айтқан. Үй иесінің пәтерін сатып алуды жоспарлаған ер адам әйелге кепілдік ретінде 20 мың АҚШ долларын қалдырған. Алайда, содан кейін үй иесі құжаттарды рәсімдемей, ақшаны қайтармау үшін кездеспеудің түрлі амалдарын ойластырған. Сол күні ер адам әйелді үйінің жанында қолға түсіріп, мәселенің мән-жайын анықтау үшін оны қызметтік көлікке отыруға мәжбүрлеген. Туындаған жанжал нәтижесінде күдікті әйел адамның басынан ұрып, денесіне бірнеше пышақ жарақатын салған. Өзінің кісі өлтіргенін түсінген ол мәйітті ет комбинаты ауданына көлігімен апарып, денені шала-шарпы көміп кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!