Оңтүстік Қазақстан облысында қаскүнемдер автокөлікті иесімен қоса ұрлап әкеткен

Фотография - Оңтүстік Қазақстан облысында қаскүнемдер автокөлікті иесімен қоса ұрлап әкеткен

Оңтүстік Қазақстан облысында қаскүнемдер автокөлікті иесімен қоса ұрлап әкеткен

268 0

Оңтүстік Қазақстан облысында қаскүнемдер автокөлікті иесімен қоса ұрлап әкеткен.

Шабуыл кешқұрым Түлкібас ауданына қарасты Машат кенті маңында орын алған. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Белгісіз үшеу 35 жастағы кент тұрғынын шолақ аңшы мылтығымен қорқытып, басына қап кигізген күйі өзінің «Мерседес Бенц» автокөлігіне отырғызып, оқиға орнынан іздерін суытқан», - делінген хабарламада.

Жәбірленушіні Ордабасы ауданының Қараспан ауылына жақын жерден түсіріп кеткен күдіктілерді криминалдық полиция қызметкерлері көп ұзатпай-ақ қолға түсірді. Қылмыстық істі жүзеге асырушылар - 32 мен 23 жастағы облыс тұрғындары болып шықты.

Қазіргі таңда аталған іске қатысы бар үшінші күдіктіні қолға түсіру шаралары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!