Алматыда қарттардан ірі көлемдегі ақша бопсалаған алаяқ ұсталды

Фотография - Алматыда қарттардан ірі көлемдегі ақша бопсалаған алаяқ ұсталды

Бұл туралы Алматы қ.ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

166 0

Алматы қ. ІІД КПБ «К» бөлімі қызметкерлері Бостандық аудандық криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе өткізген шара барысында телефон алаяғының сыбайласы 26 жастағы әйел қолға түсті. Бұл туралы Алматы қ.ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Ол интернет арқылы танысқан жігіттің нұсқауымен осындай әрекеттерді жасағанын айтты. Полицейлер аталған жігіт Ақтау қаласындағы колонияда жазасын өтеп жатқаны анықтаған.

Алаяқ түрлі адамдарға қоңырау шалып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырады. Сосын туысы «қылмыс жасағанын» айтып, оны босату үшін ақша талап еткен. Осылайша ұсталған әйел 77 жастағы алматылық қарттың 760 теңгесін, 85 жастағы әжейдің 330 мың теңге, 400 доллары мен алтын бұйымын алып кеткен.

Олар бірде 1932 жылы туған алматылыққа хабарласқанда ақсақал полицияға хабар беріп, алаяқты ұстауға көмектесті.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 177 бабымен (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!