Павлодарда кешкі кездесу қыздың өлімімен аяқталды

Фотография - Павлодарда кешкі кездесу қыздың өлімімен аяқталды

Павлодарлық тәртіп сақшылары 20 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысы бар деген күдікпен бұған дейін ҚР ҚК-нің 175-бабы бойынша істі болған, қаланың 23 жастағы тұрғынын ұстады

201 0

Павлодарлық тәртіп сақшылары 20 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысы бар деген күдікпен бұған дейін ҚР ҚК-нің 175-бабы бойынша істі болған, қаланың 23 жастағы тұрғынын ұстады.

Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қыздың мәйіті балабақша аумағындағы күркеден табылған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, бойжеткеннің өлімі «механикалық тұншығудан» болған.

Анықталғандай, шамамен таңғы сағат 4-те жігіт пен қыздың кездесуінің барысында жанжал туындап, ұсталған азамат бойжеткенді буындырып өлтірген.

Бүгінде күдікті уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. ҚР ҚК-нің 96-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!