Көкшетауда монша өртеніп, ер адам мерт болды

Фотография - Көкшетауда монша өртеніп, ер адам мерт болды

Көкшетау қаласында сауна отқа оранып, ер адам қаза болды

215 0

Көкшетау қаласында сауна отқа оранып, ер адам қаза болды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, 25 маусым күні Көкшетау қаласында «Көкшетау-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны аумағындағы қазандық цехінің сауна бөлмесінде өрт шықты. Жалын 15 шаршы метр аумақты жайпады. Оқиға орнында 37 жастағы кәсіпорын жұмысшысының мәйіті табылды. Тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарына ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 14 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!