СҚО-ның 2 тұрғыны ауылдастарын өлтіріп, құдыққа тастап жіберген

Фотография - СҚО-ның 2 тұрғыны ауылдастарын өлтіріп, құдыққа тастап жіберген

деп хабарлайды СҚО Ішкі істер депратаментінің баспасөз қызметі.

155 0

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында 2 ауыл тұрғыны таныстарын өлтіріп, құдыққа лақтырып жіберген, деп хабарлайды СҚО Ішкі істер депратаментінің баспасөз қызметі.

«Сағат 12.00 шамасында Мамлют аудандық ішкі істер бөліміне Токаревка ауылының тұрғыны хабарласып, бақташысы жұмысқа шықпағанын жеткізеді. Ол жұмысшысының үйіне барып, әйелінен таңертең ерте оны ауылдасының көлікпен алып кеткенін біледі. Ал ауылдасының үйінде ол мас күйінде ұйықтап жатқан 29 жастағы үй иесі мен оның досы – 31 жастағы Мамлютка тұрғынына тап болады. Жұмысшысының жоғалып кеткенін ол полицияға хабарлауды ұйғарады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Үй иесі мен оның қонағы келген полицейлерге мән-жайды түсіндіруге ынта танытпайды. Ауланы қарап шыққан тәртіп сақшылары құдықтың ішкі қабырғасына жұғып қалған қан іздерін байқап, суды сорып алу үшін арнайы техника шақыртады.

«Осы кезде ғана күдіктілер түнде болған оқиғаны айта бастайды. Арақ ішіп отырып, жақында ғана Токаревка ауылына көшіп келген 29 жастағы жігіт таныстарына жергілікті тұрғынның қоқан-лоқы жасады дегенді айтады. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалдаған 31 жастағы дәнекерлеуші оған көмегін ұсынады. Мас күйінде ол ауылдасының үйіне келіп, оны алып кетеді. Бірге ішкен олардың арасында соңынан жанжал туындайды. Ішімдікке тойып алған жігіттер ауылдастарын соққыға жығып, пышақпен мойнын кесіп жібереді. Сосын оның мәйіті мен пышақты, өздерінің киімдерін құдыққа тастайды. Олардың барлығы су сорылғаннан кейін, құдықтан табылды», - деді Мамлют аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Марат Ахметбеов.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!