АрселорМиттал Теміртауда апат орын алды, қаза тапқандар жоқ, ТЖ орнына Исекешев келді

Фотография - АрселорМиттал Теміртауда апат орын алды, қаза тапқандар жоқ, ТЖ орнына Исекешев келді

Қарағанды облысының Теміртау қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында алпауыт апат орын алды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

177 0

Қарағанды облысының Теміртау қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында алпауыт апат орын алды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


Сәрсенбі күні, 2013 жылғы 26 маусымда сағат 16.15-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кокс химиялық өндірісіндегі темірбетон құбыры бұзылып, тарс еткен дыбыс шықты. № 5 кокс батареясының жылыту қабырғаларынан жанғыш өнімдерді жоюға арналған құбырдың төрттен үш бөлігі бұзылған. Құбырдың сыртқы диаметрі 11 метрді құрайды, биіктігі - 90 метр.

17.45-те ӨСжАҚЖҚ, «Өрт сөндіруші» АҚФ күшімен өрт ауыздықталып, 21.45-те толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

«ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен ТЖ орнына ҚР вице-премьері -индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев аттанды, ол штаб отырысын өткізеді», - делінген хабарламада.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ArcelorMittal трансұлттық компаниясының құрамына кіреді, Қазақстанның тау-кен металлургиясы саласындағы ең ірі кәсіпорны болып табылады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!