Астана полицейлері сәби ұрлаған әйелді «ізін суытпай» әшкереледі

Фотография - Астана полицейлері сәби ұрлаған әйелді «ізін суытпай» әшкереледі

 Елордалық полицейлер біреудің емшектегі сәбиін ұрлаған әйелді «ізін суытпай» әшкереледі, деп хабарлайды елорданың ресми сайтынан қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

232 0

 Елордалық полицейлер біреудің емшектегі сәбиін ұрлаған әйелді «ізін суытпай» әшкереледі, деп хабарлайды елорданың ресми сайтынан қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 маусымда елордалық Ішкі істер департаментіне Астана тұрғыны шағым түсірді. Ер адам өзінің екі айлық қызын белгісіз әйелдің ұрлап кеткенін хабарлады.

Болған оқиғаны бүге-шігесіне дейін тыңдаған Астана қаласының Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері (ҰҚҚБ) зардап шегушінің зайыбы бағыттағы автобуста бір әйелмен танысқандығын анықтады. Сөз арасында зардап шегушінің әйелі екінші әйелге өзінің тұрмыс жағдайының қиындығын, "қысқа жіп күрмеуге келмей жүргендігін" айтып, шағымданады. Ойында еш күдік жоқ ақкөңіл әйел бейтанысқа күйеуі екеуінің бес баласы барлығын, жақында алтыншы қызы дүниеге келгендігін де жайып салады.

Бейтаныс әйел өз кезегінде, осы әңгімені мұқият тыңдап алып, өзінің көмектескісі келетінін айтып, оларға қонаққа барады. Көпбалалы отбасы тұратын вагон бөлмеге кіруге рұқсат сұрайды. "Мен ауқатты адаммын сіздерге көмек беремін" деп алдаусыратады.

Кейін тергеу кезінде мәлім болғанындай, әйелдің «көмек берем» дегенде арам ойы болғаны анықталды. Ол да сәбилі болуды армандап жүрген жан екен. Оңтайлы сәтті пайдаланып, екі айлық қызды ұрлап кетеді.

Қолды болған сәби мен ұрлық жасаған әйелді табу үшін полиция қызметкерлері шұғыл шаралар қолданды. Көп уақыт өтпей-ақ әйел қолға түсті. Құндақтаулы сәби дін аман. Ата-аналарына қайтарылды.

Жауап алу барысында әйелдің жеке басына қатысты мәліметтер де анықталды. Ол 1984 жылы туған Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Астанаға жақында келген, пәтер жалдап тұрады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!