3 адам өзенге батып кетті, тағы екеуінің мәйіті су айдындарынан табылды

Фотография - 3 адам өзенге батып кетті, тағы екеуінің мәйіті су айдындарынан табылды

3 адам өзенге батып кетті, тағы екеуінің мәйіті су айдындарынан табылды.

290 0

3 адам өзенге батып кетті, тағы екеуінің мәйіті су айдындарынан табылды.

27 маусым күні Қапшағай қаласының маңында Қапшағай су қоймасына шомылу кезінде 21 жастағы жігіт ажал құшқан. Оның мәйіті судан ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы мен бір техникасының көмегімен шығарылды.

СҚО Никольское ауылы маңындағы Иман-Бұрлық өзеніне 15 жастағы жасөспірім, Қарағанды облысының Петровка ауылының аумағында Нұра өзенінде 42 жастағы әйел батып кетті. Олардың денелерін судан жергілікті тұрғындар шығарған.

27 маусым күні Семей қаласындағы ескі карьерде бір тәулік бұрын батып кеткен 1971 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның мәйіті судан ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы мен бір техникасының күшімен шығарылды.

26 маусым күні Байқоңыр қаласының маңында Сырдария өзеніне батып кеткен 13 жастағы жасөспірімнің денесі табылды. Оның мәйітін судан шығаруға ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы мен бір техникасы тартылды


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!