Соколовка ауылының тұрғынын өлтірді деген күдікпен 3 тәртіп сақшысы қамауға алынды

Фотография - Соколовка ауылының тұрғынын өлтірді деген күдікпен 3 тәртіп сақшысы қамауға алынды

Бүгінде сезіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

155 0

Солтүстік Қазақстан облысында Соколовка ауылының тұрғынын өлтірді деген күдікпен 3 тәртіп сақшысы тұтқындалды.

Бүгінде сезіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, осы аптада екі айдан бері ізім-ғайым жоғалып кеткен Қызылжар ауданы Соколовка ауылының 24 жастағы тұрғыны Евгений Копаның мәйіті табылған.

Жергілікті тұрғындар жоғалған жігітті іздестіру жұмыстарына салғырттық танытқан тәртіп сақшыларының үстінен полиция басшылығына арызданды. Нәтижесінде іске облыстық ІІД жедел-тергеу тобы кірісті.

Соколовск полиция бөлімінің, жол полициясы батальонының қызметкерлері Евгенийдің жоғалып кетуіне күдіктелді. Олардың екеуі 28 сәуір күні Евгений мен бірге ішімдік ішкен жол сақшыларының арасында жанжал туындағанын мойындады.

Олар жігітті көліктің жүк салғышына салып, зорлықпен Есіл өзенінің жағасына жеткізген. Жол сақшылары Евгенийді соққыға жығып, оны өзенге тастаған. Сүңгуірлер жігіттің мәйітін таба алмады. Бірнеше күннен кейін оның денесі теріскейдегі белгілі демалыс орындарының бірінде, Соколовканың маңында су бетіне шыққан.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Мәдина Балғашұқованың сөзіне сүйенсек, оны туыстары таныған, дактилоскопия да Евгений Коптың мүрдесі екенін дәлелдеді. Бүгінде бірқатар сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 96 бабы «Адам өлімі» және 126 бап «Заңсыз бостандықтан айыру» бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Сот санкциясымен тәртіп сақшылары қамауға алынды. Олардың арасында Астана қаласындағы емдеу мекелерінің бірінде ем қабылдаған кезінде күзет қойылған басты күдікті бар.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!