Қызылорда облысында Ан-2 ұшағы құлады

Фотография - Қызылорда облысында Ан-2 ұшағы құлады

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

162 0

Қызылорда облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыштардың бірі опат болды, екіншісі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

28 маусым күні Қызылорда облысының Шаған кентінің маңында «Шаған-Жер» ЖШС-ға тиесілі күріш алқаптарын гербицидпен тыңайту барысында «Азия Континентал Аэрланс» компаниясының Ан-2 (Альфа-0190) ұшағы апатқа ұшырап, оның соңы өртке ұласқан.

Оқиға орнында 44 жастағы ұшқыш қаза тапты, екіншісі ауруханаға жатқызылған. Апат салдарын жоюға ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 16 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!