Жиен қарындасы туған нағашысын пышақтап өлтірген

Фотография - Жиен қарындасы туған нағашысын пышақтап өлтірген

23 маусымға қараған түні Орал қалалық ішкі істер басқармасы жедел кезекшісіне «Ет комбинаты» ауданы, 5-үй, 17-пәтерде кісі өлімінің орын алғаны туралы хабар түсті.

313 0

23 маусымға қараған түні Орал қалалық ішкі істер басқармасы жедел кезекшісіне «Ет комбинаты» ауданы, 5-үй, 17-пәтерде кісі өлімінің орын алғаны туралы хабар түсті.

Басқарманың баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлованың айтуынша, 1963 жылғы Н. есімді азамат түнгі сағат бірлер шамасында апасы Б-ның үйіне мас болып келеді. Үйде апасының қызы, 1980 жылғы А. есімді азаматша болған. Содан туған нағашы ағасының арақ ішкендігі бар, екеуінің арасында өзара жанжал туындайды. Осы кезде жиені А. өз тарапынан нағашысына ескерту жасап, тыныш отыруын, көп сөйлемеуін талап етеді. Бір емес, бірнеше рет ескерту жасайды. Нағашы ағасы Н. болса, жиенінің жасаған ескертуіне құлақ аспай, тиіседі. Сол уақытта А. ас үй бөлмесінен пышақ алып келіп, нағашысының арқа тұсынан сұғады. Алған дене жарақатынан Н. сол жерде көз жұмады.

А. есімді азаматшаның үстінен Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабы, 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамауға алынды.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!