Жезқазған тұрғыны екі әйелді өлтіріп, пәтерлерін жағып жіберді

Фотография - Жезқазған тұрғыны екі әйелді өлтіріп, пәтерлерін жағып жіберді

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында еш жерде жұмыс істемейтін 29 жастағы жігіт екі әйелді өлтіріп, пәтерлерін өртеп жіберді

239 0

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында еш жерде жұмыс істемейтін 29 жастағы жігіт екі әйелді өлтіріп, пәтерлерін өртеп жіберді.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«29 маусым күні Жезқазғанда Ғарышкерлер көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің пәтерінде шыққан өртті ауыздықтау кезінде зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілері бар екі мәйіт табылды. Олар пәтердің 50 жастағы қожайыны және оның 24 жастағы қызы болып шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына полицейлерді шақырып, олар әйелдер пышақ жарақаттарынан қаза тапқандарын анықтады», - делінген таратылған хабарламада.

Тәртіп сақшылары күдіктіні 29 жастағы жұмыссыз ер адамды қолға түсірді. «Ер адам сол күні пәтер қожайыны қызына қонаққа келгенін мойындады. Жанжал шығып, ол әйелдерге пышық сұғып, кейін өзінің қылмысын жасыру үшін пәтерді жандырып жіберген», - деп атап өтілген хабарламада.

Ұсталған азаматтың үстінен ҚР ҚК-нің 96-бабы («Адам өлімі») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!