Павлодарда жасөспірім қызды зорлады деген күдікпен 22 жастағы азамат ұсталды

Фотография - Павлодарда жасөспірім қызды зорлады деген күдікпен 22 жастағы азамат ұсталды

Павлодарлық полицейлер 13 жастағы қызды зорлады деген күдікпен еш жерде жұмыс істемейтін, бұған дейін істі болған 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады

160 0

Павлодарлық полицейлер 13 жастағы қызды зорлады деген күдікпен еш жерде жұмыс істемейтін, бұған дейін істі болған 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

23 мамыр күні жасөспірімнің әкесі полицияға арызданып, оның қызы «Яблонька» бағбандық шаруашылығындағы саяжайлық үйде зорланғанын хабарлады. Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында анықталғандай, сол күні аталған қыз өзінің құрбысымен бірге таксимен таныс жігіттерге саяжайға барған. Жапа шеккен қыздың құрбысы көп ұзамай танысымен кетіп қалған. Жігіттердің бірі жалғыз қалған қонақ қызды саяжайлық үйіге кіргізіп, қоқан-лоқы көрсете отырып зорлаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!