Ақтөбе облысында жол апатында екі адам опат болды

Фотография - Ақтөбе облысында жол апатында екі адам опат болды

«Алға-Қандыағаш» тас жолында Алға қаласынан 7 шақырым жерде екі көлік соқтығысып, екі адам ажал құшты

186 0

«Алға-Қандыағаш» тас жолында Алға қаласынан 7 шақырым жерде екі көлік соқтығысып, екі адам ажал құшты.

Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Алға қаласынан бет алған «ВАЗ 21154» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, тізгінінде Қандыағаш қаласының 24 жастағы тұрғыны отырған «ВАЗ 21144» машинасымен соқтығысты.

Жол апатының салдарынан бірінші көліктің 57 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тәсілім етті. Тағы бір жолаушы Алға қаласының орталық ауруханасына жеткізілді, бірақ алған жарақаттарына байланысты жан тапсырды.

Екі жүргізуші де «бас сүйек-миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы, көкірек қуысының зақымдалуы, құрсақ қуысы ағзаларының зақымдалуы» диагнозымен Алға қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді. «ВАЗ 21154» машинасының екі жолаушысы да осындай диагноздармен емдеу мекемесіне жатқызылды.

Сараптама нәтижесі бойынша, соқтығысу барысында екі жүргізуші де алкогольді пайдаланбаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!