Астанада алаяқ полицей ұсталды

Фотография - Астанада алаяқ полицей ұсталды

деп хабарлайды ҚР ЭҚСЖҚД-ның баспасөз қызметі

188 0

Астана қаласы қаржы полициясы департаменті ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері өзін қарполдың тергеушісі деп таныстырып, мемлекеттік мекеменің бас есепшісіне қоқан-лоқы көрсету арқылы 30 мың доллар алған Лекеров деген азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды ҚР ЭҚСЖҚД-ның баспасөз қызметі.

«Лекеров бас есепші Әбдікерімовға оған қатысты қаржы полициясына келіп түскен арыздарды тексеріп, оның ісәрекетінен заң ьұзушылықтарды анықтадым деп сендірген. Содан кейін, тексеру қорытындысы бойынша дұрыс шешім шығару үшін Әбдікерімовадан ақша талап еткен», – делінген хабарламада.

24 маусымда Лекеровке қатысты қылмыстық іс қозғалды. 27 маусымда ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы туралы хабарланады. 

 

bnews.kz cайтынан


Тегтер:

сот палиция

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!