Шымкенттік жігіт үйленейік деп ұсыныс білдірген қызын пышақтап тастады

Фотография - Шымкенттік жігіт үйленейік деп ұсыныс білдірген қызын пышақтап тастады

Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

240 0

30 маусым күні Шымкент қаласының Еңбекші аудандық ІІБ кезекші бөліміне «Солтүстік» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде азапталып өлтірген жас қыздың мәйіті табылғаны туралы хабар жетті. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

«Оқиға орнына жеткен полицейлер оның жеке тұлғасын анықтады. 1992 жылы туған азаматшаның іші, мойыны, қолы мен аяғы пышақталған»,-деп жазылған хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Еңбекші АІІБ полицейлері 1991 жылы туған Шымкент қаласының тұрғынын «ізі суымай» қолға түсірді. Күдікті қылмысқа барғанын мойындаған.

Тергеу барысында екеуінің арасындағы жанжал өлімге себеп болғаны анықталды. Күдікті ұзақ уақыт бойы аталған қызбен жалға алынған пәтерде кездесіп келіпті. Қыздың үйлену туралы жиі ұсыныс айтуы жігіттің ашуын шақырған.

Сол күні екеуі тағы сөзге келісіп қалады, ақыры жігіт қызды өлтіріп тынған.

Күдікті оқиға орнынан қашып кеткенімен полицейлердің қолына түсті. Айғақ зат ретінде пышақ алынды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

сот палиция

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!