Атырауда лифт шахтаға құлап, 24 жастағы қыз опат болды

Фотография - Атырауда лифт шахтаға құлап, 24 жастағы қыз опат болды

Атырауда арқаннан үзіліп кеткен лифт шахтаға құлады. Оның ішінде болған 1989 жылғы қыз қаза болды

352 0

Атырауда арқаннан үзіліп кеткен лифт шахтаға құлады. Оның ішінде болған 1989 жылғы қыз қаза болды.

Төтенше жағдай сейсенбі күні кешқұрым «Алмагүл» жаңа ықшамауданындағы 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Оқиға орнына ТЖД өкілдері, медицина қызметкерлері шұғыл түрде жеткенімен, олардың көмегі қажет болмады. Қайғылы оқиға орын алған үйге қала әкімі Серік Айдарбеков те келді.

Әзірге лифттің үзіліп кетуінің себептері анықталу үстінде. Алайда «Алмагүл» ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары лифт шаруашылығының нашар жағдайына бірнеше мәрте шағымданғаны анықталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!