Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолындағы апат салдарынан 3 адам қаза тапты

Фотография - Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолындағы апат салдарынан 3 адам қаза тапты

Жеңіл автокөліктің жүргізушісі «Урал» машинасымен соқтығысқан. Осының салдарынан жеңіл көліктегі 57 және 37 жастағы әйелдер мен 49 жасар ер азамат көз жұмды

427 0

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы үш адамның өмірін қиып кетті.

Облыс ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, қайғылы оқиға Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолында орын алды. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі «Урал» машинасымен соқтығысқан. Осының салдарынан жеңіл көліктегі 57 және 37 жастағы әйелдер мен 49 жасар ер азамат көз жұмды. Тағы бір жолаушы Құлсары аудандық ауруханасына жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!