Таразда желікпе жүргізуші 200-ден астам тұтынушыны газсыз қалдырды

Фотография - Таразда желікпе жүргізуші 200-ден астам тұтынушыны газсыз қалдырды

Таразда ала құйын жүргізушінің салдарынан 200-ден астам абонент газсыз қалды

163 0

Таразда ала құйын жүргізушінің салдарынан 200-ден астам абонент газсыз қалды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

«Тараз қаласында 2 шілде күні түнгі сағат үш шамасында жеке тұрғын үйлер секторында жүйіткіген «Субару Форестер» көлігінің жүргізушісі өлшеу торабына және газтарату шкафына соғылды. Салдарынан 233 тұтынушы газсыз қалды», - делінген таратылған хабарламада.

Қайта қалпына келтіру жұмыстары сол күні түске таман аяқталып, көгілдір отын қайта берілді, деп нақтылады ТЖД-нің баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!