Ломбардтан 5,1 млн. теңгенің бұйымын тонаған ер адам 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Фотография - Ломбардтан 5,1 млн. теңгенің бұйымын тонаған ер адам 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен ломбардтан 5,1 млн. теңгенің бұйымын тонаған ер адамға қатысты айыптау үкімін шығарды

180 0

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен ломбардтан 5,1 млн. теңгенің бұйымын тонаған ер адамға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қылмыс өткен жыдың наурыз айында орын алған. Сотталушы ломбард қызметкерін қорқытып, 170 мың теңге мен 5,1 млн. теңгенің 319 алтын бұйымын алып кеткен. Алайда оны көшеге, гараждар жанына жасырғанымен бірнеше күннен кейін келгенде таба алмаған.

Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Осы қылмыс салдарынан өз бұйымдарын ломбардқа тапсырған 70-тен астам адам зардап шекті.

Сот ер адамды 7,5 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режімдегі колонияда өтеуге кесті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!