Өскеменде көшеде екі адамды автоматпен атып кетті

Фотография - Өскеменде көшеде екі адамды автоматпен атып кетті

Өскеменде «Рахат» қалалық азық-түлік дүкенінің қасында қайғылы оқиға орын алды. Қылмыс орны полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды. Дүкенге кіреберісте есікте қызбен соқтығысып қалған екі ер адамның бірі қызды автоматпен атып тастаған. Қаруды ол өзінің жол сөмкесінен алып шыққан

193 0

Өскеменде «Рахат» қалалық азық-түлік дүкенінің қасында қайғылы оқиға орын алды. Қылмыс орны полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды. Дүкенге кіреберісте есікте қызбен соқтығысып қалған екі ер адамның бірі қызды автоматпен атып тастаған. Қаруды ол өзінің жол сөмкесінен алып шыққан.

Жапа шеккен жалғыз қыз емес. Қызға жақтасқан жас жігітке де оқ тиген. Қыз оқиға орнында көз жұмды, ал жігіттің тағдыры әзірге белгісіз. Жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөлмесіндегілер қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Бұл оқиға жайында жергілікті полиция да әзірге үнсіз. Нақты ақпарат кейін беріледі деп уәде етті. Бір белгілісі - қару кезенген ер адам ұсталды, ал екіншісі оқиға орнынан із-түзсіз жоқ болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!