Cержант әйеліне автоматтан оқ жаудырып, артынша өз-өзіне қол салды

Фотография - Cержант әйеліне автоматтан оқ жаудырып, артынша өз-өзіне қол салды

 Өскеменде оқыс жағдай. Тапа-тал түсте дүкендердің бірінде автоматтан оқ атылды. 27 жастағы әскери қызметкер бұрынғы әйелін атып өлтіріп, артынан өз-өзіне қол салған. Қаңғыған оқ тағы бір адамға тиіп ауыр жараланды. 

150 0

 Өскеменде оқыс жағдай. Тапа-тал түсте дүкендердің бірінде автоматтан оқ атылды. 27 жастағы әскери қызметкер бұрынғы әйелін атып өлтіріп, артынан өз-өзіне қол салған. Қаңғыған оқ тағы бір адамға тиіп ауыр жараланды. 

Сержант Өскемендегі Ішкі әскердің 27-943 бөлімінде келісім-шартпен қызмет істеген. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әскери қызметкер дүкенге кіріп бара жатқан бұрынғы әйелінің ізін аңдып келіпті. Олар осыдан екі ай бұрын ажырасып кеткен екен. Оқ атпастан бұрын сержант дүкендегілердің барлығына сыртқа шығуға бұйрық беріпті. Қолында ұстаған сөмкесінде қару бар екенін ескерткен. Содан 24 жастағы азаматшаны сыртқа сүйреп шығарып, баспалдақ үстінде атып тастаған. Артынша дүкенге қайта кіріп, өзі атылып өлген. Бұрынғы әйеліне қару кезенген кезде, қаңғыған оқтың бірі сол маңдағы тұрғынға да тиіпті. Қазір ол ауруханада жатыр. Ал сержантты мұндай оқыс қадамға нендей жайттың итермелегені әзірге белгісіз.

Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД баспасөз хатшысы:

- Сол жерде болған тағы бір азаматша жараланды. Оның санына тиді оқ. Ол ауруханаға жеткізілді. Осыдан кейін бұл азамат дүкенге кіріп өзін атқан, оқ жанды жеріне тиіп бұл адам да оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта барлық тергеу анықтау шараларымен әскери тергеу басқармасы жүзеге асырып жатыр.


Тегтер:

сот палиция

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!