Теміртауда 200 грамнан астам героинмен 36 жастағы әйел ұсталды

Фотография - Теміртауда 200 грамнан астам героинмен 36 жастағы әйел ұсталды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 36 жастағы әйелден 200 грамнан астам героин мен қомақты ақша қаражаты тәркіленді

154 0

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 36 жастағы әйелден 200 грамнан астам героин мен қомақты ақша қаражаты тәркіленді.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«4 шілде күні Теміртау қаласының 36 жастағы тұрғынының пәтерін тінту барысында 200 грамнан астам героин және 600 мың теңге, 3500 АҚШ доллары көлемінде ірі ақша қаражаты тәркіленді. Оны тұтқындау шарасын Теміртау қалалық ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Көкнәр-2013» жедел-іздестіру шарасының аясында ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті мен ҰҚКД қалалық бөлімімен бірлесіп жүргізді», - делінген хабарламада.

Азаматша уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 259-бабы бойынша (Есірткі заттарын немесе психотропты заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, беріп жіберу) қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!