Шамалған өзеніне 10 жасар бала батып кетті

Фотография - Шамалған өзеніне 10 жасар бала батып кетті

Алматы мен Атырау облыстарындағы жергілікті өзендерде екі адам суға батып кетті

191 0

Кеше Алматы мен Атырау облыстарындағы жергілікті өзендерде екі адам суға батып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.

Алматы облысының Жандосов кентінде Шамалған өзенінде шомылып жүрген 10 жасар бала батып кетті, оның денесін жергілікті тұрғындар алып шықты.

Сондай-ақ Атырау қаласында Жайық өзеніне батқан 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оны судан шығаруға ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД суда-құтқару қызметінің 3 маманы мен бір техникасы жұмылдырылды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!