Ақтөбе облысында әйел пойыздың астына түсіп қайтыс болды

Фотография - Ақтөбе облысында әйел пойыздың астына түсіп қайтыс болды

Ақтөбе облысында әйел пойыздың астына түсіп қайтыс болды деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі

168 0

Ақтөбе облысында әйел пойыздың астына түсіп қайтыс болды деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі.


«04.07.2013 жылы Қандыағаш ст. желілік полиция бөліміне Қандыағаш станциясынан шыққан «Алматы-Ақтөбе» бағытында қатынайтын жолаушылар поезының астына 1969 жылы туған, Қарақалпақстан Республикасының тумасы, Ақтөбе облысының тұрғыны Н. есімді азаматша түскені туралы хабарлама келіп түсті. Ол алған жарақаттардың салдарынан оқиға орнында көз жұмды»,-делінген хабарламада.


Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға отбасымен бірге 2012 жылы тамыз айында келген. «Құралай, полицияға бер» деген өлім алдындағы хатын қалдырған. Өзіне өзі қол жұмсауының себебі – отбасылық жанжал.


Мәйіт Мұғалжар ауданының мәйітханасына жіберілді. «Алматы-Ақтөбе» жолаушылар поезы 28 минутқа кешіккен.


Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды. Тексеру амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!