Еліміздің өңірлерінде 8 адам суға батып кетті

Фотография - Еліміздің өңірлерінде 8 адам суға батып кетті

Алматы облысының Балқаш ауданында Іле өзенінен балық аулап отырған егде жастағы ер адам су құрбанына айналды

166 0

Республиканың өңірлерінде 8 адам суға батып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында суға шомылу кезінде Сырдария өзеніне 65 жастағы ер адам батып кетті.

Орал қаласындағы Шаған өзеніне түсу кезінде 26 жастағы жігіт те су құрбанына айналған.

Өскеменде су жинауға қазылған шұңқырда шомылу кезінде 25 жасар жігіт суға батып кетті.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында «Састөбе Технолоджис» ЖШС аумағындағы су қоймасына түсу кезінде 3 бірдей жас жігіт ажал құшты.

Ақмола облысының Атбасар ауданындағы Жабай көліне 42 жастағы ер адам батып кетті.

Алматы облысының Балқаш ауданында Іле өзенінен балық аулап отырған егде жастағы ер адам су құрбанына айналды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!