Атырауда «Газель» көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты

Фотография - Атырауда «Газель» көлігі жолаушылар  пойызымен соқтығысты

Бірлік ауылы маңында темір жолды рұқсат етілмеген тұстан кесіп өтпек болған. Нәтижесінде ол «Алматы-Атырау» жолаушылар пойызымен соқтығысқан

216 0

Атырауда өткен түні «Газель» көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысып қалды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова хабарлағандай, «Газель» автокөлігінің жүргізушісі Бірлік ауылы маңында темір жолды рұқсат етілмеген тұстан кесіп өтпек болған. Нәтижесінде ол «Алматы-Атырау» жолаушылар пойызымен соқтығысқан.

«Қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ. Жолаушылар құрамы 45 минутқа бөгелді. Белгілі болғандай, «Газель» жүргізушісі көлікке мас күйінде отырған. Қазір ол қамауға алынды», - деп хабарлады Г.Мұхтарова.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!