«Ақсақ Нұржанның» қолына кісен салынды

Фотография - «Ақсақ Нұржанның» қолына кісен салынды

Күнгейдің қылмыс әлеміндегі тағы бір «серке» қолға түсті. Криминалды ортада «Ақсақ Нұржан» лақап атымен танымал Нұржан Махамбетов есімді жігіт Отырар мен Түркістан аудандарын «бақылаушы» болған. 36 жастағы азаматты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Кентау мен Байырқұм арасындағы тасжолдың үстінде қолға түсірді

169 0

Күнгейдің қылмыс әлеміндегі тағы бір «серке» қолға түсті. Криминалды ортада «Ақсақ Нұржан» лақап атымен танымал Нұржан Махамбетов есімді жігіт Отырар мен Түркістан аудандарын «бақылаушы» болған. 36 жастағы азаматты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Кентау мен Байырқұм арасындағы тасжолдың үстінде қолға түсірді.

Бұл операцияның облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері және «Бүркіт» арнайы жасағының сарбаздары бірлесіп жүргізген. Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Кентау-Байырқұм тасжолында «БМВ» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру жүргізілген.

- Көлікті тексеру барысында орындықтың астынан шолақ мылтық табылды, — дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Ал қолға түскен сезіктіні жедел тергеу кезінде оның ұйымдасқан қылмстық топтың белсенді мүшесі екені анықталған. Сонымен, ұсталған азамат қылмыстық ортада «Ақсақ Нұржан» лақап атымен танымал Нұржан Махмұтов болып шықты. Полицейлердің мәліметінше, ол негізінен мал ұрлығымен айналысатын азамтатарды бақылауында ұстап келген. Қымыс әлеміндегі бірқатар мәселелерді өз еркімен шешіп келген жігіт көліктен шыққан қаруды «тауып алдым» дегенінен танбады.

Тіркеуде жоқ шолақ мылтықты заңсыз алып жүргені үшін күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол қамауда жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!