Алматы облысында 2 жол-көлік апатынан 20 адам зардап шекті

Фотография - Алматы облысында 2 жол-көлік апатынан 20 адам зардап шекті

Аталған ЖКО бойынша Алматы облыстық полициясы тергеу амалдарын жүргізуде.

233 0

Алматы облысында 2 жол-көлік апатынан 20 адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық ІІД.

«Еңбекшіқазақ ауданында «Қайназар-Маловодное» автожолында Мерседес бенс қарсы бағытта келе жатқан Хонда CRV көлігімен соқтығысқан. Соққыдан жол шетіне шығып кеткен Мерседес 3 жаяу жүргіншіні қағып кетті»,-деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі К.Нұрахмет.

Оның сөзіне қарағанда, жол апаты салдарынан 11 адам Есік қаласының ауруханасына жеткізілген, олардың ішінде 6 жасар бала да бар.

ІІД ақпаратына қарағанда, тағы бір жол апаты «Алматы - Жетіген» автожолында орын алған. «Тойота Пикник» пен «Мицубиси Галант» көлігі соқтығысып, Өтеген батыр ауылының ауруханасына 9 адам жеткізілген. Олардың бесеуі балалар.

Аталған ЖКО бойынша Алматы облыстық полициясы тергеу амалдарын жүргізуде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!