Ақтөбеде бір жарым келі героинді сатпақ болған азамат қолға түсті

Фотография - Ақтөбеде бір жарым келі героинді сатпақ болған азамат қолға түсті

Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлері Ресей Федерациясына транзитпен жеткізу үшін аймаққа еліміздің оңтүстік аумағынан әкелінген көп мөлшердегі героинді тәркіледі

126 0

Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлері Ресей Федерациясына транзитпен жеткізу үшін аймаққа еліміздің оңтүстік аумағынан әкелінген көп мөлшердегі героинді тәркіледі, деп хабарлайды департаменттің баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.

«Есірткі бизнесімен күрес басқармасы қызметкерлері жедел-алдын алу шарасы барысында 27-ші маусым күні 111 грамм есірткі затын сатқан және үш күннен кейін 113 грамм «героин» сатқан азаматты анықтады. 4-ші шілде күні өткізілген жедел шара барысында 1 келі 37 грамм героинді саудалау кезінде аталған адам қолға түсті»,-деді Уайдин.

Сонымен қатар, бау-бақша қауымдастығындағы жеке меншік үйлердің бірінің шатырына жасырылған 145 грамм героин табылды.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 259 бабы, 3 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дүние мүлкі тәркіленіп, 10-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ол жалпы салмағы бір жарым келі героинді сатпақ болған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!