Ақтауда жезөкшелер тәртіп сақшыларын соққыға алды

Фотография - Ақтауда жезөкшелер тәртіп сақшыларын соққыға алды

Тәртіп сақшылары жағажайдан ұсталған жеті қызды бөлімшеге алып бармақ болған.

298 0

– Қаланы жезөкшелерден тазаламақ болған ақтаулық полицейлер үлкен тосқауылға тап болды. Тәртіп сақшылары жағажайдан ұсталған жеті қызды бөлімшеге алып бармақ болған.

Ішкі істер бөліміне тиесілі көлікке отырысымен бойжеткендер "қылық көрсетіп", құқық қорғаушыларға көзді жасаурататын газ шашқан.

"Ұсталғандардың бірі бұдан бұрын үш рет істі болып, жезөкшелікпен айналысқаны үшін талай қолға түскен" дейді полиция қызметкерлері.

Газ баллонымен маңайындағылардың мазасын алған жезөкшені тыныштандырмақ болғанда өзгелері жан-жаққа тұра қашқан. Алайда, полиция бөлімшесінің ғимаратынан ұзап шыға алған жоқ. Дей тұра, олар тәртіп сақшыларымен жаға ұстасып, бейнекамераны сындырған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!