Ақтөбедегі түрме басшысы мекемеден кедергісіз шығып-кіруі үшін сотталушылардан 200 мың теңге талап еткен

Фотография - Ақтөбедегі түрме басшысы мекемеден кедергісіз шығып-кіруі үшін сотталушылардан 200 мың теңге талап еткен

Қаржы полицейлері ақтөбелік колонияның басшысын пара алғаны үшін қамауға алды

175 0

Қаржы полицейлері ақтөбелік колонияның басшысын пара алғаны үшін қамауға алды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, айыпталушы биылғы маусым айының басында А. есімді сотталушы арқылы жазасын өтеуші 4 адамға  өз қанатының астына ала алатындығын хабарлаған.

Ал олар жалпы «қамқорлық», тәртіптік жазаға тартпау, мейрам және демалыс күндері мекемеден кедергісіз шығу және кіру жеңілдіктерін иеленгендіктері үшін делдал арқылы абақтының басшысына ай сайын 200 мың теңге тапсыруы тиіс болған.

Сотталушылар ұсынысқа келісіп, бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне арызданды.

4 күннен кейін түрме басшысы 200 мың теңге көлемінде пара алып жатқан кезінде қолға түсті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!