Өзгенің көлігінен қомақты ақшаны қолды еткен 16 жастағы қызылордалық ұсталды

Фотография - Өзгенің көлігінен қомақты ақшаны қолды еткен 16 жастағы қызылордалық  ұсталды

Қызылорда ішкі істер органдарының қызметкерлері өзгенің көлігінен қомақты ақша қаражатын қолды еткен ұрыны көп кешіктірмей қолға түстірді

208 0

Қызылорда ішкі істер органдарының қызметкерлері өзгенің көлігінен қомақты ақша қаражатын қолды еткен ұрыны көп кешіктірмей қолға түстірді.

Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасына ер адам хабарласып, көшелердің бірінің бойында тұрған өзінің «Фольксваген Пассат» көлігінің ішінен белгісіз біреулер 85 мың теңге ақшасын ұрлап кеткендігі туралы арызданды.

Факті бойынша жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 16 жастағы күдікті қолға түсті.

Алдын ала жүргізілген тергеу барысында күдіктінің мұнан басқа осындай екі қылмыстық оқиғаға қатысы бар екендігі анықталды.

Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы, 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!