Петропавлда героин сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

Фотография - Петропавлда героин сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.

208 0

СҚО Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемде героин сатқан ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.

СҚО Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасына Петропавл қаласының 55 жастағы әйел тұрғыны 20-шы ықшам ауданындағы үйлердің бірінде героин сатып жатыр деген хабарлама түседі. Әйел ұзақ мерзімге пәтер жалдап, тұрақты мекен жайы жоқ екі нашақорға сол үйде тұруды ұсынған. Есесіне олар есірткі сатып, үнемі атқарылған жұмыс туралы есеп беріп тұрған. Біраз уақыт өткеннен кейін, екеуі өздері полицияға келіп, барлығын жайып салады. Осыған қоса 20 грамм героин тапсырады. Сол күні есірткі сату арнасын ұйымдастырушылар ұсталады.

«СҚО Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері ерлі-зайыптыны ұстады. 55 жастағы әйел бұған дейін есірткі сатқаны үшін сотталған, 58 жастағы күйеуі де темір тордың ар жағында 25 жыл отырып шыққан», - деді СҚО Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының инспекторы Қабира Мұхамбетова.

Полицейлер күдіктілер жасырып қойған 15 грамм героинді табады. Осы шара барысында тәртіп сақшылары барлығы 35 грамм есірткіні тәркілеген.

Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты тергеу абақтысына қамауға алынып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жыл басынан облыста 60 есірткі қылмысы анықталған, оның 18-і есірткі сатуға қатысты. Заңсыз айналымнан 57 килограммнан астам есірткі тәркіленді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!