Таксисті өлтіріп көлігін қолды еткен қылмыскер ұсталды.

Фотография - Таксисті өлтіріп көлігін қолды еткен қылмыскер ұсталды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары Қызылорда облысы Жалағаш ауылының 25 жастағы тұрғынын ұстады.

227 0

Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары Қызылорда облысы Жалағаш ауылының 25 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті автокөлікті иелену мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының 64 жастағы тұрғынын өлтіргендігі анықталып отыр.

«Қарт кісі мамыр айының соңында із-түссіз жоғалып кеткен. Денесінде үш пышақ жарақаты бар жәбірленушінің мәйіті Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы Темирлановка ауылының шетінде табылған. 64 жастағы зейнеткер «Опель-Вектра» автокөлігінде жеке тасымалдау қызметімен айналысқан. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлім етті бүгін Астанада өткен брифингте ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Тергеу амалдарының нәтижесіне сәйкес, күдіктінің сыбайластары болған деген болжам бар. Қазір оларды анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізілуде. Жәбірленушінің автокөлігі тұрған жерді анықтау жұмыстары да жалғасуда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!