Қарулы шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды.

Фотография - Қарулы шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері жеке фирманың кеңсесіне шабуылмен кірген төрт күдіктіні анықтап, қолға түсірді - деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз сөзіне сілтеме жасап.

278 0

Мәлім етілгендей, өткен айдың соңында беттерін тұмшалаған қарақшылар ғимараттың ішіне қарумен баса-көктеп кіріп, қоқан-лоқы көрсету арқылы үш күзетшінің қол-аяқтарын байлап тастаған. Одан кейін кеңсе директорының бөлмесінен ішінде 100 мың теңге мен мекеменің құжаттары болған сейфті алып кеткен.

Ұсталғандар 23-24 жас аралығындағы азаматтар, барлығы Жаңаөзен қаласының жұмыссыз тұрғындары, бұрын сотталмағандар. Қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер тұтқынға алынды.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!