Астана көшесінде ірі жол апаты орын алды

Фотография - Астана көшесінде ірі жол апаты орын алды

Кеше түнде Астанада екі көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты, тағы 5-еуі түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды - деп хабарлады  Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.  

452 0

Кеше түнде Астанада екі көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты, тағы 5-еуі түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды - деп хабарлады  Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.  


Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сағат шамамен 23.00-де қаладағы медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін, 1989 жылы дүниеге келген азамат «Ниссан Максима» көлігімен Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында Алматы көшесіне қарай солға бұрылмақ болғанда «Тойота камри» көлігімен соқтығысты. «Тойота камри» Керей-Жәнібек хандар көшесімен Сауран көшесіне қарай келе жатқан. Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған «Ниссан Максима» автокөлігінің 18-24 жас аралығындағы үш жолаушысы қаза тапты. Олардың барлығы да елордадағы медициналық мекеменің қызметкерлері. Сондай-ақ түрлі дене жарақатын алған «Тойота» көлігіндегі 4 жолаушы мен «Ниссан» көлігіндегі тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Екі жүргізушіден де алкоголь не болмаса психотропты заттарды пайдаланғанын анықтау мақсатына қан сараптамасы алынды. Қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!