Оңтүстікте күре жолдың бойында есірткі алқабы табылды

Фотография - Оңтүстікте күре жолдың бойында есірткі алқабы табылды

Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының 170-інші шақырымында сораға ұқсас өсімдіктердің алқабын анықтады - деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

223 0

Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының 170-інші шақырымында сораға ұқсас өсімдіктердің алқабын анықтады - деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

«Тексеру барысында алқапта сораға ұқсас барлығы 7 265 түп өсімдік, есірткі затына ұқсас жасыл түсті шөп тәріздес заттар, 1 дана су айдайтын және 1 дана тоқ беретін насостар, 1 дана газ баллоны, 1 дана газ плитасы, 3 дамға арналған ыдыс-аяқтар, көрпе-төсектер,1 дана кетпен, 2 дана күрек және азық түліктер табылған. 7 мың 265 түп өсімдіктің 7 мың 250 түбі сол жерде өртеу жолымен жойылды, ал қалған 15 түбі және жасыл түсті шөп тәріздес заттар айғақ зат ретінде алынды», - делінген анықтамада.

Сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындысы бойынша, алынған 15 түп өсімдік есірткі құралына яғни, сора өсімдігіне жататыны, 11 келі 319,70 мг. шөптің «кептірілген марихуана» екені анықталды.

Аталған факті бойынша сезікті ретінде Қызылорда қаласының үш тұрғыны ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Азаматтардың қылмыстық әрекеттері дәлелденсе, олар үш жылдан сегiз жылға дейiн бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Жыл басынан бері Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткінің 11 алқабын анықтап, 40 келіге жуық есірткі заттары тәркіледі.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!