Заңсыз мұнайдың айналымымен айланысқан қылмыстық топ әшкерленді.

Фотография - Заңсыз мұнайдың айналымымен айланысқан қылмыстық топ әшкерленді.

2012-2013 жылдары Ақтөбе қаласында заңдылығын растайтын құжатсыз мұнайды тасымалдау, сатып алу және сатумен айналысқан, сондай-ақ жалған декларациялау арқылы кедендік идентификацияның нысандарын жалған пайдалану жолымен Кедендік одақтың кедендік шекарасынан мұнай өнімдерін аса ірі көлемде өткізуге оқталған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі - деп хабарлады Қаржы полициясы агенттігі.

166 0

Ағымдағы жылғы 5 шілдеде қылмыстық топтың мүшелері - Қазақстанның 6 азаматы мен Молдова Республикасының 2 азаматы ұсталды.

Топтың мүшелері өздерінің қылмыстық қызметін қаражыландыру үшін Багам аралдарындағы банктік есеп-шоттарды пайдаланған.

Ұйымдасқан қылмыстық топ Ақтөбе облысындағы консервацияланған мұнай өндіру орындарынан шамамен 739 тонна мұнайды ұрлаған.

Ұрланған мұнайдың 365 тоннадан астам мөлшеріндегі бір бөлігін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері алыс шет елдерге экспорттаған.

373 тонна мөлшеріндегі мұнайдың 2-ші бөлігін экспортқа жіберу үстінде қылмыстық топтың мүшелерін қаржы полициясының қызметкерлері ұстады.

Қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты экономикалық контарабанданы жасауға оқталу, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ заңдылығын растайтын құжатсыз мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу және сату мен мұнайды өңдеу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Сот санциясымен ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшелері қамауға алынды.

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!