5 жыл іздеуде болғанбұзақылар құрықталды

Фотография - 5 жыл іздеуде болғанбұзақылар құрықталды

 Алматы облысының тәртіп сақшылары 5 жылдан бері іздестірілген бұзақыны қолға түсірді.

187 0

 Алматы облысының тәртіп сақшылары 5 жылдан бері іздестірілген бұзақыны қолға түсірді.

Қылмыс 2007 жылдың қарашасында Іле ауданының Жетіген ауылында орын алған. 2008 жылдың басында күдіктіге ресми түрде республикалық іздеу жарияланған болатын.

Қоғамдық орында мас күйде болған басбұзар өзінің танысымен бірге жергілікті тұрғындардың бірін соққыға жығып, оның көлігін зақымдаған. Жапа шегушіні тепкінің астына алумен шектелмей, бұзақылардың бірі оны қыршып тістеп алған көрінеді. Жарты жылдан кейін күдіктілердің бірі Семей қаласында мешіттердің бірінде жасырынып жүрген жерінен ұсталды. Имамдар келушілердің бірімен жанжалдасып қалған өз қызметкерін сабасына түсіру үшін тәртіп сақшыларын шақырған. Екіншісі тек кеше Алматыдағы жалдамалы пәтерде қолға түсті. Бірнеше жыл бойы күдікті бір қаладан екіншісіне көшіп, қарасын көрсетпей жүрген .

Ұсталғандардың бірі жазасын түзету мекемесінде өтеуде. Екіншісіне қатысты қамауға алу шарасы қолданылды.


Тегтер:

сот палиция

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!