Қарағандыда макака баланы тістеп тастады

Фотография - Қарағандыда макака баланы тістеп тастады

Қарағанды хайуанаттар бағында маймыл баланы тістеп тастаған. Тордағы макакаға тамақ бермек болған бүлдіршін ауыр жарақат алып, бірден ауруханаға жеткізілген.

277 0

Қарағанды хайуанаттар бағында маймыл баланы тістеп тастаған. Тордағы макакаға тамақ бермек болған бүлдіршін ауыр жарақат алып, бірден ауруханаға жеткізілген.

Зардап шеккен бала қазір құтырма диагнозына тексеріліп жатыр. Тамақтандыруға тыйым салынғанына қарамастан, маймылға алма бермек болған баланың ата-анасының өзі кінәлі- дейді бақ басшылығы.

Зардап шеккен баланың анасы «Біздің алдымызда да көптеген келушілер тамақ берді. Өзі өте кішкентай. Басқалардың қолынан алған. Ал менің қызымды қатты тістеп алды» дейді.

Жеті жастағы қыз тордағы маймылға алма бермекші болған. Қатты тістеген макака кесірінен қыз ауыр жарақат алып, жедел ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер, баланың басы мен шынтағының тістелгенін айтып отыр. Сондықтан құтырмаға қарсы екпе жұмыстарын жүргізген. Өйткені аса қауіпті дерттің арты өлімге әкеп соғуы мүмкін. Бұл – жаз басталғалы бері осымен үшінші жағдай. Зардап шеккен балалардың бірінің анасы, маймылдарды ұйықтатып тастау керек деген ұсыныс та тастаған.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!