Пара беріп жұмысқа тұрып, ең соңында сотқа жүгінді

Фотография - Пара беріп жұмысқа тұрып, ең соңында сотқа жүгінді

Жұмысқа орналасудың ең «тиімді» жолын қарастырған Қызылорда қаласы тұрғынының мына жағдайы өзгелерге сабақ боларлықтай. Жұмысқа тұру үшін пара ұсынған, жұмысқа тұрғызушы оны алған. Ең соңында екеуінің ісі облыстық соттың блогына дейін жеткен.

214 0

Жұмысқа орналасудың ең «тиімді» жолын қарастырған Қызылорда қаласы тұрғынының мына жағдайы өзгелерге сабақ боларлықтай. Жұмысқа тұру үшін пара ұсынған, жұмысқа тұрғызушы оны алған. Ең соңында екеуінің ісі облыстық соттың блогына дейін жеткен.

Өзін Диля деп таныстырған тұрғын облыстық соттың блогына жолдғана сауалында: «Жұмысқа тұруға біреуге ақша беріп едім. Жұмысқа кірген соң 2 айдан кейін қысқарып кеттім. Енді жаңағы адам сені жұмысқа тұрғызғанмын деп ақшамды қайтармай жүр. Қайтарып алудың қандай жолдары бар екенін айтасыз ба?» депті. Шамасы, қомақты қаржы беріп, қайтара алмай жүрсе керек.

Диляның бұл сауалына облыстық сот: «ҚР сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Заңның 1-бабына сәйкес, әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.

Сондықтан, кез келген жағдайда өз құқығыңызды сот арқылы қорғай алатындығыңызды білдіреміз» деп жауап берген.

Диляның ендігі бар амалы мәселесін сот арқылы ғана шешу болары анық.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!