Өскеменде сәби өлген анасының жанында 4 тәулік жатып тірі қалды

Фотография - Өскеменде сәби өлген анасының жанында 4 тәулік жатып тірі қалды

Бұл қайғылы оқиға өткен аптада Өскеменде орын алыпты. Қаладағы Өтепов көшесінің біріндегі үйде жас келіншек көз жұмған. Алдын ала болжам бойынша әйелдің ажалы арақты мөлшерден тыс пайдаланғаннан орын алуы мүмкін екен. Ең сорақысы сол, үй ішіндегі марқұмның бір жарым жастағы қызы мәйіт жанында төрт тәулік бойы тірі жүрген

213 0

Бұл қайғылы оқиға өткен аптада Өскеменде орын алыпты. Қаладағы Өтепов көшесінің біріндегі үйде жас келіншек көз жұмған. Алдын ала болжам бойынша әйелдің ажалы арақты мөлшерден тыс пайдаланғаннан орын алуы мүмкін екен. Ең сорақысы сол, үй ішіндегі марқұмның бір жарым жастағы қызы мәйіт жанында төрт тәулік бойы тірі жүрген, - деп хабарлайды YK-News.kz. 

Төрт тәулік бойы мәйіт иісімен тыныс алған бейкүнә сәби қазіргі кезде облыстақ Ана мен бала орталығына жатқызылыпты.

Ал баспасөз қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, үйдің кіреберісіндегі жағымсыз иістен тұрғындар секем алып, 2 шілде күні полиция бөліміне шағым түсіріпті.

«ТЖ мамандары мен полицейлер оқиға орнына келгенде пәтер ішінен әйелдің иістенген жансыз денесі табылды. Ал қасында... Жанында бір жарым жастағы бүлдіршіннің тірі жатқанын көрдік», - дейді ІІБ өкілдері.

- Төрт тәулік бойы сәби әбден ашығып, әлсіреген. Жағымсыз иіске еліткен ол қазір облыстық Ана мен бала орталығында әжесімен бірге сауықтырудан өткізіліп жатыр, - дейді олар.

Мәйіт сараптамаға жөнелтілген. Ал бүлдіршіннің болашағы әлі белгісіз болып тұр. Қалай болғанда да әжесі қамқорлығына алады немесе балалар үйіне тапсырылуы мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!