Алматыда белгісіздер төлем қабылдайтын терминалдын ұрлап кеткен

Фотография - Алматыда белгісіздер төлем қабылдайтын терминалдын ұрлап кеткен

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

116 0

Алматыда белгісіз біреулер компьютерік клубтан құны 600 мың теңге тұратын төлем терминалын ұрлап кетті. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Түнгі сағат екінің шамасында екі ер адам компьютерлік клубқа келіп, қызметкерлерге кәмпит берген. Біраздан соң біреуі өзін жайсыз сезініп, үйіне қайтып кеткен, ал екіншісі жұмыс орнында ұйықтап қалған.

Келесі күні сағат 12-нің шамасында интернет клубтың иесі ұйықтап жатқан қызметкерді оятып алғанда төлем терминалы болмай шыққан.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 175 бабы, 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілердің жеке тұлғасын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!