Қостанай облысында астық сақталған 3 қойма жанып кетті

Фотография - Қостанай облысында астық сақталған 3 қойма жанып кетті

Қостанай облысының Приуральск ауылында «Станционный» ЖШС-ның нан қабылдау қосынындағы астық сақтайтын қоймалар өртке оранды

167 0

Кеше Қостанай облысының Приуральск ауылында «Станционный» ЖШС-ның нан қабылдау қосынындағы астық сақтайтын қоймалар өртке оранды.

3700 тонна астық сақталған 3 қойма жанып кетті (жалпы 11 қойма бар). Тілсіз жау 3600 шаршы метр аумақты шарпыған. Жалын тек бүгін таңғы сағат 7 шамасында ауыздықталды. Өрт сөндіру жұмыстарына 45 адам, 15 техника және 1 өртке қарсы пойыз тартылды. Оның ішінде ҚР ТЖМ Қостанай облыстық өрт сөндіру қызметінен 25 маман және 10 техника жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!