Қызылорда облысында АН-2 ұшағы құлады

Фотография - Қызылорда облысында АН-2 ұшағы құлады

Бүгін таңертең Қызылорда облысында күріш алқабына әуеден химиялық дәрі шашып жүрген АН-2 ұшағы апатқа ұшыраған

145 0

Бүгін таңертең Қызылорда облысында күріш алқабына әуеден химиялық дәрі шашып жүрген АН-2 ұшағы апатқа ұшыраған деп хабарлады Азаттық радиосы «Новости-Казахстан» агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше оқиға жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат сегіз кезінде Шиелі ауданында болған. «Астана Флоен Спур» компаниясының иелігіндегі ұшақтың экипажындағы екі адам да зардап шекпеген деп хабарлаған облыстық төтенше жағдайлар қызметі.

Бұған дейін, маусымның 28-і күні Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кентіне жақын маңда әуеден химиялық жұмыстар атқарып жүрген АН-2 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ол жолы ұшақ командирі қаза тауып, екінші ұшқыш ауыр жараланған болатын.

Қазақстанда былтырғы желтоқсан айынан бері бірнеше ұшақ апатынан жиыны 50 адам мерт болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!