Ақмола облысында әкесі төрт жасар қызын өлімші етіп сабаған

Фотография - Ақмола облысында әкесі төрт жасар қызын өлімші етіп сабаған

Ақмола облысындағы Заречное ауылында ер адам әйелімен ұрсысып, кішкене қызын ұрып өлтірген, деп хабарлайды аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметі.

144 0

Ақмола облысындағы Заречное ауылында ер адам әйелімен ұрсысып, кішкене қызын ұрып өлтірген, деп хабарлайды аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға тұрмысы нашар отбасында болған. Ауыл тұрғыны әйелімен бөлек тұрып жатқан, ал төрт жастағы қызы атасы мен әжесінің қолында болған.

Әйел адам ұрыстан кейін құрбысының үйіне кетіп қалған, әкесі сол кезде ата-анасының үйіне барып баланы алып келеді. Кішкене бала аз уақыттан сон атасы мен әжесіне барам деп әкесін мазалайды. Әкесі баланы тыныштандырудың орнына оны өлімші етіп сабап, төсекке жатқызып кеткен. Таң ата қыздың денсаулығы күрт нашарлап, тыныс ала алмай жатқанына қарамастан әкесі үй шаруасымен айналыса берген. Бірнеше сағаттан қызын қайта көруге келген әкесі баласының қайтыс болғандығын көреді.

13 шілде күні ер адам қылмысы жайында анасына айтқан, өз кезегінде анасы полицияға хабар берген. Бүлдіршіннің денесіне қарау жасаған мамандар қыздың беті мен қол аяғынан көптеген ісіктер тапқан.

Қылмыскер қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!