50 теңге үшін ерегіскен

Фотография - 50 теңге үшін ерегіскен

Қызылорда облысының Арал ауданында 50 теңге үшін ерегіскен екеудің соңы ушығып тұр. Егескеннің бірі жәбірленуші әйел аудандық ауруханаға жатқызылды

1244 0

Қызылорда облысының Арал ауданында 50 теңге үшін ерегіскен екеудің соңы ушығып тұр. Егескеннің бірі жәбірленуші әйел аудандық ауруханаға жатқызылды.

Арал қаласының тұрғыны 1987 ж.т. азаматша Д. аудан орталығындағы базардан шығып, таксиге отырады. Әуелі 50 теңгеге келіскен. Такси жүргізуші жігіт жәбірленушінің үйіне жақындаған кезде жол ақысының 100 теңге болатынын айтқан. Бұған келіспеген соң екеуінің арасында егес туады. Келісе алмаған соң жүргізуші «мінген жеріңе апарып тастаймын» деп кері бұрылып ала жөнеледі.

Жәбірленушінің айтуынша жүргізуші жолда келе жатып, «сені қала сыртына апарып білгенімді істеймін, 100 теңгені желкеңнен шығарамын» деп қорқытқан көрінеді. Үрейленген әйел сол сәтте жүріп келе жатқан көліктен секіріп түскен. Абырой болғанда жәбірленуші тірі қалды, бірақ жаралы. Алған жарақаты салдарынан ол ауруханаға жатқызылды.

Ал жүргізуші болса оқиға орнынан қашып кеткен. Күдіктіні полицейлер жан-жақты іздестіріп, қолға түсірді. Арал ауданының 30 жасар тұрғыны ұсталып, қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазалануы мүмкін - деп хабарлайды Bag.kz

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!