Мешіт қызметкері педофил болып шықты

Фотография - Мешіт қызметкері педофил болып шықты

Қызылорда қаласында жеті баланың әкесін педофил деп айыптап, уақытша қамауға алған.

175 0

Қызылорда қаласында жеті баланың әкесін педофил деп айыптап, уақытша қамауға алған.

Полицияға шағымданған әйел өзінің бірінші некесінен туылған қызына қазіргі күйеуі жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттер жасағанын айтып хабарласқан. Бұл туралы қала прокурорының көмекшісі Нұрлан Жаниев «Время» газетіне берген сұхбатында мәлімдеген.

Қыз бала 16 жаста. Оның айтуынша түнде ұйықтап жатқанында әкесі әуретін ұстаған. Осыдан екі жыл бұрын сүйісуге талпынған.

Қазіргі уақытта қыз баламен психологтар жұмыс жасауда. Аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 122 бабы, 3 тармағы бойынша іс қозғалған деді Н. Жаниев.

Айыпталушы қазіргі уақытта қаладағы мешіттердің бірінде қарауыл болып жұмыс істейді екен - деп хабарлайды Bag.kz


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!